378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдегі ұшақ апатынын қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

  • 156
  • UPD: 23:05, 06.05.2019
Ресейдегі ұшақ апатынын қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

«Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің алдын ала ақпараты бойынша Шереметьево әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары жоқ. Осы қасіретті апатта қаза тапқандардың тұған-туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтамыз» делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы хабарламасында.

Ресейдің Шереметьево әуежайында болған ұшақ апаты жөнінде бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Өртенген Sukhoi Superjet 100 ұшағының бортында болған 78 адамның 37-сі ғана аман қалды.

Хабар 24 телеарнасы