378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік әскери қызметкерлер баспаналы болды

  • 96
  • UPD: 13:43, 07.05.2019
Шымкенттік әскери қызметкерлер баспаналы болды

Шымкентте Отан қорғаушы күніне орай әскери қызметкерлер баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған көп қабатты тұрғын үйдің кілтін иеленгендердің басым көпшілігі Ұлттық ұланға қарасты 6506 әскери бөлімінің сардарлары. Бұл күні 19 азамат «Тұран» мөлтек ауданынан салынған 9 қабатты үйден  пәтер кілтін салтанатты түрде алды. Олардың қатарында Гүлжан Қуатова да бар. Ол әскери бөлімде медициналық бекеттің басшысы болып қызмет етеді. Үй кезегіне тұрғанына да 5-6 жыл болыпты. Баспаналы болған әскери қызметшілер өз аулаларына ағаш көшеттерін отырғызды.

Гүлжан Қуатова, 6506 әскери бөлімі медицина бекетінің бастығы: 

- Осы салада істеп жатқаныма 5 жылдай болды. Бүгін мен үшін қуанышты күн. Себебі қанша уақыттан бері армандап жүрген арманыма жеттім. Өз үйіме, өз баспанама. Аллаға шүкір! Ал бұрын «Әскери баспана» бойынша пәтер жалдап тұрдық.

Хабар 24 телеарнасы