378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда үздік әскерилер марапатталды

  • 111
  • UPD: 07:29, 07.05.2019
Қарағандыда үздік әскерилер марапатталды

Жыл басынан бері әскерилер полиция бөлімдеріне 2 жарым мыңнан астам заң бұзған азаматты жеткізген.

Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шеруде ерең еңбегімен көзге түскендер марапатталды. Салтанатты шеру «Орталық» аймақтық қолбасшылығының алаңында өтті. Тәжірибелі әскерилермен бірге сапта кадеттер де тұрды. Шеруге Ұлы Отан соғысының ардегерлері, патриоттық клубтардың мүшелері мен студенттер шақырылды.

Айта кету керек, «Орталық» аймақтық қолбасшылығы – Ұлттық ұланның ең ірі бірлестігі. Осы күні бірқатар әскери Отан алдындағы ерен еңбегі үшін Президент пен Қорғаныс министрі атынан медальмен марапатталды.

Қанат Беляков, ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» ӨҚ қолбасшысының  тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары:

- Қазіргі таңда біздің әскери бөлімдерде бүкіл мектептердің басшылығымен бірлесіп құрған патриоттық сыныптар бар, Ұлттық ұлан сыныптары, солардың тәрбиеленушілерін осындай шараларға қатыстырамыз. Бұл – Елбасының талап еткен әскери патриоттық жұмыстарды нығайту саласында өткізілген шаралардың бірі.

Хабар 24 телеарнасы