379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Взвод командирі студенттерге әскери қызметтің қиындығы мен қызығы туралы айтып берді

  • 112
  • UPD: 13:42, 07.05.2019
Взвод командирі студенттерге әскери қызметтің қиындығы мен қызығы туралы айтып берді

Отан қорғау – әр азаматтың парызы.

«Әскерилердің ерлігін дәріптеу арқылы жастардың бойына отансүйгіштік рухты қалыптастырамыз», – дейді жастармен кездескен Алматыдағы Армия орталық спорт клубының взвод командирі Бағлан Дәрімбаев. «Жас Отан» жастар қанатының Алматы қалалық филиалы ұйымдастырған кездесуге 100-ге жуық студент қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24». ТМД елдері арасында әскери ойындар бойынша өткен байқауда спорттың ату, жүзу, жекпе-жек сынды көп сайыс түрінен командалық есепте «Үздік барлаушы» атанып, жеңімпаздар қатарынан көрінген Бағлан Дәрімбаев әскери қызметтің қиындығы мен қызығы туралы айтып берді.   

Бағлан Дәрімбаев, қалалық Армия орталық спорт клубының взвод командирі:

- «Елді қорғау – ердің ісі» дейді ғой. Әр азаматтың парызы – Отан қорғау. Бүгін жастармен кездескенде жастардың бойында патриоттық сезімін көрдік. Отан қорғауға деген ұмтылыстары бар. Барлық жастарымыз қазір құлшынып тұр екен. Көптеген сұрақтар қойылып жатыр. Болашақта әскер қатарына келеміз деген жастар көп.

Хабар 24 телеарнасы