379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жол сапасына жауапты шенеуніктер жұмыстан қуылды

  • 146
  • UPD: 13:42, 07.05.2019

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин орынбасары мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысын қызметтен босатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар басшысының да дәл осы салаға жауапты орынбасары көп ұзамай жұмыстан кетуі тиіс. Облыс әкімі жолдардың сапасы сын көтермегендіктен осындай қадамға барғанын айтады. Жалпы қаражат бөлініп, асфальт жаңартылғанымен, көктемде тоз-тозы шығады. Осыған орай өңір басшысы жауапты басқарма жетекшілерін бірнеше рет ескерткен көрінеді. 

Оңдасын Оразалин, облыс әкімі:

- Әлеуметтік желілерде жолдар бойынша көптеген азаматтардан өкпе-реніштері бар. Қаланың тазалығы бойынша қайта-қайта айтып отырмын. Ол ауданға барсаң да дәл осы мәселені көтереді, қалада жүрсем де дәл осындай мәселелер шыға береді.

Хабар 24 телеарнасы