389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикалықтар президентке қарсы шеру ұйымдастырды

  • 591
  • UPD: 14:03, 07.05.2019
Мексикалықтар президентке қарсы шеру ұйымдастырды Оборона Севастополя

Мексика астанасы Мехикода 6 мыңға жуық адам көшелерге шығып, ел президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадорға қарсы шеру өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көбіне ақ киім киген шерушілер осылайша қазіргі президенттің саясатына оның ішінде қоғамдық қауіпсіздік саласындағы мәселелерге қатысты наразылықтарын білдірді.

Айта кетсек, Мексиканың жаңа президенті Лопес Обрадор елдегі ушыққан қылмыстық жағдайды тоқтата алмаған. Ресми деректер бойынша 2019 жылдың алғашқы маусымында елдегі адам өлтіру көрсеткіші 2018 жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға артқан.

Хабар 24 телеарнасы