389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда мерекеде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

  • 532
  • UPD: 14:01, 07.05.2019
Алматыда мерекеде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Алматы қаласында мереке күндері қоғамдық қауіпсіздік ерекше назарда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Әсіресе «Батырларға тағзым» шеруіне қатысушылар жүретін жолдағы тәртіпке ерекше назар аударылып, көше бойына бетон құрылғылар қойылады. Колоннаны полиция қызметкерлерінің өздері алып жүрмек. Сондай-ақ мереке күндері терроризмге қарсы қауіпсіздік те нығайтылады.

Салтанат Әзірбек, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Жуырда ғана қаламыздың Ардагерлер кеңесінен өтініш келіп түскен болатын. Яғни осы мерекелерді атап өтуде қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөнінде. Полиция тарапынан қоғамдық қауіпсіздік күшейтіледі. Міндетті түрде сол шараға қатысатын азаматтардың бостандығын, құқықтарын сақтау мақсатында барлық шаралар қолға алынатын болады. Сонан соң лаңкестік әрекеттерге қарсы іс-қимылдар жасалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы