379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық сарбаздар ҰҚКҰ әскери жаттығуларына қатысты

  • 73
  • UPD: 14:01, 07.05.2019

Қырғызстанда Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының әскери жаттығуларына ерекше мән берілген, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жыл сайын оның ауқымы кеңейіп, қатысатын әскери бөлімдердің саны артуда. Жаттығулар барысында қауіп-қатерлерге қарсы шұғыл әрекет, бірлескен қимылды игеру, жауынгерлік шеберлік деңгейін арттыру пысықталады.

Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының жаттығуына жаяу әскер, танктер, броньдалған техника мен авиация қатысады. Алғашқыда тактикалық жаттығулар тек жаяу әскер бөлімдерінің қатысумен өтсе, енді  оған стратегиялық бомбалаушы ұшақтар тартылды.

Александр Лапин, РФ ҚК орталық әскери аймағының қолбасшысы: 

- Авиация топтамасына 29 ұшақ дайындадық, арасында Ту-95 МС, Ту-22 үлгісіндегілер бар. Олар таулы орман аймағында шоғырланған жасақшыларға соққы жасаған. 

Әр жаттығуда түрлі тактика қолданылады. Басты мақсат – лаңкестерге төтеп беру. Командирлер террористерге қарсы күресте жүргізілетін түрлі әскери операцияларды сынап көреді.

Петр Тихоновский, ҰҚКҰ бас хатшысының орынбасары:

- Бірлескен қолбасшылықтың үйлесімді жұмысы өз нәтижесін берді – заңсыз жасақтарды жою мақсатын орындадық. Осындай жаттығуыларды болашақта да өткізіп тұрамыз, олардың кешенділігі мен әлеуетін арттыра береміз.

Мұндай жаттығу былтыр Ыстықкөл облысындағы Эдельвейс полигонында өткен. Оған 2000 сарбаз, 300 дана техника және пилотсыз басқарылатын 40 ұшақ қатысқан. Қазақстаннан бұл жаттығуға десанттық-шабуылдау әскерінің сарбаздары жұмылдырылды. 

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы