389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда 40 әскери қызметші Құрмет грамотасына ие болды

  • 426
  • UPD: 14:07, 07.05.2019
Таразда 40 әскери қызметші Құрмет грамотасына ие болды

Тараз қаласында үздік әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты жиында 40 Отан қорғаушы облыс және қала әкімінің Құрмет грамотасына ие болды. Арасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы да бар. Ол құрлықтағы әскерлерді ғана емес, сондай-ақ еліміздің Қарулы күштерінің құрамындағы ең ірі жедел-тактикалық бірлестік болып табылады. 

Айта кету керек, әскери қызметшілердің 10 процентін нәзік жандылар құрайды. Солардың бірі – майор Дина Мұхаринова. Ол үшін 7 мамыр – ерекше мәртебелі күн.

Дина Мұхаринова, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Біздің кәсіби мерекеміз – ол жыл сайын асыға күтетін, жылы лебізге бөленіп, құрметке ие болатын ерекше күн. Өйткені Отан қорғаушының еңбегі, ол көрінбейтін ерлік іспеттес. Бейбіт елдің тыныштығын әуеде, жерде, теңізде қорғап ел тыныштығын күзетеді. Өзімнің жауынгер жолдастарымды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Хабар 24 телеарнасы