379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда Отан қорғаушы күні атап өтілді

  • 176
  • UPD: 14:06, 07.05.2019
Түркістанда Отан қорғаушы күні атап өтілді

Түркістан қаласында да Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты жиынға Ұлы Отан және тәжік-ауған соғысының ардагерлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері, cонымен қоса Ұлттық ұлан жауынгерлері мен студенттер қатысты. Шара барысында адамзат тарихында өшпес із қалдырып, әр шаңырақтың жазылмас жарасына айналған сұм соғыс жайында деректі фильм көрсетілді. Жастар қасіретке толы қанды қырғынды сахналық қойылым арқылы көрсетті. Кеш соңында өнерпаздар патриоттық әндерден шашу шашып, қатысуышларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысына Түркістан облысынан 170 адам аттанған. Оның көбі майдан даласында жер жастанды. Бүгінгі күні облыста 63 соғыс ардагері бар.

Бөгенбай Түзелбай, студент:

- Ата-бабаларымыздың бізге аманат етіп кеткен жерін қорғау – біздің парызымыз. Жалпы, сол кісілердің ерлігін мақтаныш, үлгі тұтамын өзіме. Сол кісілердің жолын қуып, сол кісілер сияқты болу өзімнің арманым.

Хабар 24 телеарнасы