378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде «Жас сарбаз» қозғалысының беделі артып келеді

  • 140
  • UPD: 14:06, 07.05.2019
Семейде «Жас сарбаз» қозғалысының беделі артып келеді

Семейде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының ұйтқы болуымен жарыс өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қаланың 60 мектебінен алдын ала іріктеуден өткен 10 команда қатысты. «Спартак» стадионында ұйымдастырылған шарада саппен жүру, әскери жүгіру, спорттық эстафета сияқты кезеңдерде үздіктер анықталды. Жоғары сынып оқушылары, сонымен қатар автомат бұзып, құрау, азаматтық қорғаныс құралдарын кию сияқты қызықты сайыстарда сыналды. Жарыс қорытындысы бойынша топжарғандар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталып, ұйымға мүше болып қабылданды. «Жас сарбаз» қозғалысы қатарында қазір Шығыс Қазақстан облысы бойынша 7 мыңнан астам оқушы бар.

Арыстанбек Анжиков, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының оф төрағасы:

- «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының негізгі міндеті – жастарды патриоттыққа бейімдеу, батылдыққа және тек әскери өнермен баулып қоймай, оларды білімді де алғыр, нағыз елінің патриоты ретінде тәрбиелеп, бағыт көрсету. Тек мектеп қабырғасында емес, колледждердегі әскери-патриоттық клубтарға мүше бола алады.

Елдос Кеңесханов, «Айбын» тобының жетекшісі:

- Біз ата-бабалардың жолын қуамыз. Олар тер төгіп, қан төгіп, бізге осы жерді сақтап қалды. Біз соны ақтық деміміз қалғанша сақтап, терімізді төгіп, қорғауға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы