378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жас сарбаздар әскерге шақырылды

  • 100
  • UPD: 14:05, 07.05.2019
Алматыда жас сарбаздар әскерге шақырылды

Бүгін еліміздің ішкі әскері жас жауынгермен толығады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Дәл қазір Алматы қаласындағы 28 панфиловшы саябағында «Әскерге шақырушылар күніне» арналған салтанатты шара өтіп жатыр.

Міне, қазір 28 гвардияшы-панфиловшы паркінде әскерге шақырылған жастарды шығарып салу рәсімі басталды. Оған Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлері, Қарулы күштердің өкілдері және жас сарбаздардың ата-аналары қатысуда. Мерекелік шараны қала әкімі Бауыржан Бәйбек ашты. Қаладағы бірнеше әскери құрылымдардың сарбаздары сап түзеген мерекелік шеру әскери сән-салтанатпен өтуде.

Жалпы, көктемгі әскер қатарына Алматы қаласы бойынша 1000-нан аса жас жігіт жарамды деп танылса, бүгін солардың 30-дан астамы өздерінің  Отан алдындағы әскери борыштарын ел шекарасындағы Аягөз гарнизонында өтеуге аттанады.

Сондай-ақ бүгін осы алаңда әскери оркестрдің концерті және спорттық ойындар болады.

Авторы: Алуа Махамбет

Хабар 24 телеарнасы