389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық сарбаз Қытайдағы Армия ойындарында мергендігімен танылған

  • 570
  • UPD: 14:35, 07.05.2019

Өткен жылы ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері әскери институтының жас курстанттары Халықаралық армия ойындарында зор жетістіктерге қол жеткізді, солардың арасында жас сарбаз Дәулеткерей Сапарбектің жосығы ерек, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ол жауынгерлік дайындығының жоғары деңгейде екенін дәлелдеп, жүздеген әскери арасында мергендігін асырды.

Әскери институттың оқу-жаттығу алаңында әскери техниканың дүбірі тыншыған емес. Танкілер мен шынжыртабан машиналарға мінген жас жауынгерлер командалық-тактикалық тапсырмаларды күн сайын орындайды. Жас сарбаз Дәулеткерей Сапарбек те институтта алған білімін осы жерде шыңдайды. Ол әскери  болуды бала кезден армандапты. Өткен жылы Қытай астанасы Бейжіңде өткен халықаралық Армия ойындарында мерген сарбаз атанды.  

Дәулеткерей Сапарбек, ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери институтының 4 курс сарбазы: 

- Бірінші, өз мемлекетіміздегі техниканы білу керек. Ол жерде әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін. Соны тез арада жұмыс істетіп, іске қосу керек.

Жаттығу алаңында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ең алдымен білім және қарым-қабілеті болуы керек. «Бұл жөнінен Дәулеткерейдің өзіндік ізденуі, еңбекқорлығы мен тактикалық тапсырмаларды орындаудағы ынта-жігері жоғары», – дейді ұстаздары.

Дәулеткерей Сапарбек, ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери институтының  4 курс сарбазы: 

- Біріншіден, отбасының, отанның қорғанышы болу. Екіншіден, жас буын, жас сарбаздарға үлгілі офицер болу басты міндетіміз.

Күнделікті сабақтар мен жиі өткізілетін жауынгерлік оқу-жаттығулардан тыс уақытта Дәулеткерей кітап оқиды. Қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін үлгі тұтады. Дойбы ойнап, еркін күреспен, суға жүзумен белсенді шұғылданады. Жалпы Құрлық әскерлері әскери институтынан 75 генерал шыққан. Дәулеткерей де сондай шенге жетуді мақсат етеді. Биыл ол оқуын тәмамдап, офицер болып шығады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы