378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да майдан даңқы музейі ашылды

  • 130
  • UPD: 14:03, 07.05.2019
БҚО-да майдан даңқы музейі ашылды

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылында майдан тарихынан сыр шертетін музей ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Cоғыс жылдары ауылдан 381 адам аттанып, соның  155-сі қаза тапты. Музейде сонымен қатар күнбатыс Алашорда тарихы мен ауыл адамдарының өмір белестерінен мол мағұлмат жинақталған. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Сырым ауданында көзі тірі сұрапыл соғыс куәгері қалмапты. Дегенмен кейінгі жас буын олардың жорық жолдарындағы ерлікке толы өнегелі өмірін үлгі тұтады. Оқушылар майдангер ауылдастары туралы мәліметтерді  өздері жинап музейге тапсырған. Құнды жәдігердің бірі көне патефонда әлі де майдан әндері естіліп тұрады.

Жанерке Матышева, Бұлдырты орта мектебінің оқушысы:

- Жалпы, осы мұражайда барлық оқушылар өздерінің білгендерін үнемі келіп тұрады. Сенбі, демалыстарда әр уақыттарда өздерінің білгісі келетін көкейіндегі сұрақтарын сұрау арқылы тарихпен қанығып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы