389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент әкімі жауынгерлер мен сардарларды кәсіби мерекесімен құттықтады

  • 358
  • UPD: 14:15, 07.05.2019
Шымкент әкімі жауынгерлер мен сардарларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Шымкентте Отан қорғаушы күні елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге үлес қосқан 16 азамат марапатталды.

Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімі жауынгерлер мен сардарларды кәсіби мерекесімен құттықтады. «Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бері Қарулы күштеріміз ең алдымен елдігіміздің символы. «Отанға деген перзенттік құрметтің нышаны», – дейді Ғабидулла Әбдірахымов. Әскери қызметші – бұл абыройы биік әрі қауіпті мамандықтың бірі. Сондықтан Отан алдындағы борышты өтеу, халыққа бейбіт өмір сыйлауда ерлер мен бірге әйел азаматшалар да үлес қосып тер төгіп келеді. Солардың бірі – Гүлмира Сансызбайқызы. Ол 35 /748 әскери бөлімінде материалмен қамтамасыз ету маманы болып қызмет етеді. Гүлмираның әулеті әскери қызметшілер. «Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салада еңбек ету мәртәбе», – дейді кейіпкер.

Гүлмира Мәмбетова, 35748 әскери бөлімінің қызметкері:

- 13 жылдан бері мен қызмет етемін. Еркектердің мейрамы болса да, бұл қатарда қызмет етеміз. Әріптестерім, командирлеріме алғыс айтамын. Әрқашан дендері сау болып, қызметтерінде мықты болып, Отанымызды қорғауға дайын болсын.

Батыр Ергешов, қалалық прокуратура басқарма басшысының орынбасары:

- Бүгін өте қуанышты күн. Отан қорғаушы күні. Біздің еңбегіміз еленіп, Шымкент қаласы әкімі тарапынан марапаттауға ие болып жатырмыз. Ең бастысы, ел тыныш болсын. Дами берсін!

Хабар 24 телеарнасы