378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық құтқарушылар екі мыңдай тұрғынның өмірін сақтап қалған

  • 124
  • UPD: 15:13, 07.05.2019
Оралдық құтқарушылар екі мыңдай тұрғынның өмірін сақтап қалған

Оралда Төтенше жағдайлар департаментінің үздік қызметкерлері марапатталды.

Тек осы жылдың басынан бері құтқарушылар 2 мыңдай аймақ тұрғынының өмірін сақтап қалған. Қауіп қайдан демеңіз: от пен су секілді тілсіз жау тырнағына ілігетін немесе жол-көлік апатына ұшырайтындар саны азаяр емес. Осындай оқыс жағдайларда олардың жанына  құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен психолог мамандар алғаш болып жететіні рас. Осынау қатерлі мамандық иелерін Ішкі істер министрлігі мен облыс және қала басшылығы арнайы марапаттады. Олардың арасында медициналық және психологиялық қызметінің басшысы Нұрмұхан Жұмағалиев те бар. Ол осы салада еңбек еткен жылдарында жүздеген адамды ажалдан арашалауға атсалысты. Мәселен, биыл өз әріптестерімен бірге қыста орманда адасқан жас жігітті құтқарып қалды.

Нұрмұхан Жұмағалиев, облыстық ТЖД медициналық-психологиялық қызметінің басшысы:

- Қиын болғанымен, өзім жасап жатқан жұмысыма өкінбеймін, өзіме өте қатты ұнайды. Сол ұнағаннан 17  жыл болды жұмыс жасап жатқаныма.

Хабар 24 телеарнасы