389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық көліктерге жүргізушіні бақылайтын датчик орнатылады

  • 331
Қоғамдық көліктерге жүргізушіні бақылайтын датчик орнатылады

Жол апатының алдын алатын жаңа технология бүгінде пилоттық режимде қаланың екі автобусында жұмыс істеуде.

«Біз Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастырудамыз. Статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні тұрғындардың шағымы өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға азайған. Сондай-ақ қазіргі уақытта қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-жөлік оқиғалары да 31,9% кеміді. Бұл - біз үшін жақсы көрсеткіш» - деді Астана LRT ЖШС-ның басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов. 

Басқарма төрағасының орынбасары, сонымен қатар Астана LRT-да цифрландыру жұмысын жетілдіру бағытындағы жаңа жобаларға тоқталып өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап электронды төлемақы жасау жүйесі енгізілді. Бұл өз кезегінде қоғамдық көліктерден түсетін көлеңкелі түсімнің 30%-ын қайтаруға септігін тигізді. Ендігі уақытта автобустарға жүргізушінің шаршағандығын анықтайтын бақылау камерасы бар датчик орнатудамыз. Аталған цифрландыру жобасы қалалық әкімдікпен бірлесіп жүзеге асырылуда», - деді ол. 

Өз кезегінде қолға алынып жатырған жаңа техноголиялық жобаға жауапты IQ Global corporation LLP компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Ерлан Кәкенов дачтик бақылау жүргізіп қана қоймай, сондай-ақ күтпеген жерден орын алған өзгерістерге дер кезінде әсер ететінін айтып өтті. 

«Жаңа технологиялар адам өміріне жұмыс істеуі керек. Қазіргі уақытта онлайн мониторинг жүйесі қала бойынша 2 автобуста орнатылып, пилоттық режимде жұмыс істеуде. Ақылды технология автобус жүргізушісінің әрбір қимылын мұқият бақылайтын болады. Атап айтқанда, жүргізушінің рөлді басқарудағы іс-қимылын қадағалайды. Егерде жүргізуші ұйықтап бара жатса немесе көлікке ие бола алмай қалған жағдайда датчик дыбыс береді. Яғни дыбыс арқылы жол апаты қаупінің алдын алу мүмкіндігі бар», - деді Е.Кәкенов.

Ақпарат көзі: elorda.info

Хабар 24 телеарнасы