389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 700-ден астам қоғамдық көлік жүргізушісі жетіспейді

  • 337
  • UPD: 16:19, 07.05.2019
Елордада 700-ден астам қоғамдық көлік жүргізушісі жетіспейді elorda.info

Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушілері жетіспейді.

Бұл туралы Астана LRT ЖШС-ның басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қазіргі уақытта бізге 724 автобус жүргізушісі жетіспейді. Өткен жылдың қыркүйек айында бұл көрсеткіш 924-ті құраған. Сол уақыттан бері 22%-ға қоғамды көлік жүргізушілері тапшылығын азайттық», - деді Бейбіт Есжанов.

Сонымен қатар Астана LRT компаниясының өкілі қоғамдық көлік жүргізушілерінің жұмыс жағдайларына тоқталып өтті.

«Жүргізушілер таңғы 5-те жұмысқа шыққаннан кешкі 10-11-ге дейін тоқтаусыз жүреді. Одан кейін автобустың жанармайын құйып, оны жуып, ертеңге дайындап қояды. Үйіне барамын дегенше түнгі 2-ге таяйды, содан 2-3 сағат ұйқыдан соң қайта тұруға тура келеді. Осыдан да қалада қоғамдық көліктің апатты жағдайларының жиі орын алатындығы», - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған ұйымның басқарма басшысының орынбасары Бейбіт Есжанов қала тұрғындарынан LRT-ның қызметіне шағымның азайғанын айтып өткен болатын.

«Біз Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастырудамыз. Статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні тұрғындардың шағымы өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға азайған. Сондай-ақ, қазіргі уақытта қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-жөлік оқиғалары да 31,9% кеміді. Бұл - біз үшін жақсы көрсеткіш», - деді ол баспасөз мәслихатында.

Хабар 24 телеарнасы