378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концерт басталды

  • 134
  • UPD: 17:54, 07.05.2019

Нұр-Сұлтанда Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концерт басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдени шарада өнерпаздар ән, биден шашу шашып жатыр.

Тура 27 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. Осы уақыт ішінде еліміздің қорғаныс саласы нығайып, айбынымыз күшейді. Бүгінде құрлық әскерлері, әуе-қорғаныс күштері мен әскери-теңіз күштері Қазақстанның тыныштығын күзетуде. Аэроұтқыр әс­керлері де тұтқиылдан тап берер жауға төтеп бере алатынын талай әскери оқу-жаттығуда  дәлелдеген. Айтпақшы, Қарулы күштеріміз биыл «Рухани жаңғыру – жауынгерлік рух тірегі» ұранын ту етеді. Осы орайда қызметкерлерге «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша тұрғын үй табысталмақ. 

Хабар 24 телеарнасы