378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда халық қаһарманы С. Нұрмағанбетовке арналған мемориалды тақта ашылды

  • 323
  • UPD: 18:32, 07.05.2019

Таразда Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовке арналған мемориалды ескерткіш тақтайшасы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игі шара батырдың 95 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Салтанатты рәсімге әскерилер, қоғамдық бірлестік өкілдері, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты. Сағадат Нұрмағанбетов Қазақстан армиясының дамуына үлес қосып, еліміздің Қарулы күштерінің қалыптасуына зор еңбек сіңірген. Бүгін ҚР тұңғыш Қорғаныс министрінің есімі облыс орталығындағы көшелердің біріне берілді. Батырды ұлықтауға өңірдегі барлық әскери бөлімдердің сарбаздары сап түзеп, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. 

Асылбек Өмірзақов, Сағадат Нұрмағанбетов атындағы халықаралық қордың ЖОФ төрағасының орынбасары:

– 23 мамыр күні мектепте батырдың бюстін қоймақпыз. Бюст дайын, тұғырын қойдық.

Хабар 24 телеарнасы