389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Созақта жаңа колледж ашылды

  • 482
Созақта жаңа колледж ашылды

Түркістан облысының Созақ ауданында көпсалалы колледж пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа нысан Созақ ауылындағы бұрынғы ескі оқу ғимаратының орнына салынды. 1959 жылдың желтоқсан айында ашылған оқу орны әбден ескіріп, тозған болатын. Енді №1 техникалық бағытта білім беретін колледж ұжымы мен шәкірттері өздерінің 60 жылдық мерейтойын жаңа ғимаратта қарсы алатын болады. 200 балаға арналған жаңа оқу ғимаратының құрылысы өткен жылдың шілдесінде басталып, биығы жылдың сәуір айында толық аяқталды. Мұнда дәнекерлеуші,қырнаушы, механик, темір ұстасы және тігінші сияқты қажетті мамандықтар бойынша білім береді. Сонымен қатар қажетті техникалық жабдықтармен толық қамтылған шеберхана жұмыс істейді. Онда бір мезетте 50 баланың жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Сондай-ақ заман талабына сай спорт залы, 100 орындық асхана, кітапхана және компьютер сыныптары қарастырылған. Бұдан өзге колледждің 150 гектар жері мен 20 техникасы тағы бар. Оқу орнында 90 адам еңбек етеді.

Нұрдәулет Қожа Ахмет, студент:

– Өте қуаныштымыз. Жаңа ғимарат балалардың жақсы оқуына септігін тигізеді деп ойлаймын. Шеберханада барлығы бар.

Бақдәулет Қордашбеков, колледж директоры:

– Бізде жаңа жатақхана салу қолға алынып жатыр. Сметасы қаралып, сараптамадан өтуде. Егер бәрі дұрыс болса, облыстық құрылыс басқармасы арқылы 200 балаға арналған жаңа жатақхананың да құрылысы басталады.

Хабар 24 телеарнасы