378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлықтар Отан қорғаушы күнін қалай атап өтті?

  • 108
  • UPD: 22:09, 07.05.2019

Отан қорғаушы күнін Ертіс өңірінің жұрты да қал-қадірінше тойлап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас сарбаздардың мерекелік көңіл күйі ерекше. Жігіттердің көбі бүгін төл мейрамдарын ардагерлермен бірге алғаш рет атап өтуде. Олардың қатарында Жамбыл облысынан келген 19 жастағы Дәурен Сабырқұл бар.

Дәурен Сабырқұл, 5512 әскери бөлімінің сарбазы:

– Жақсы әсер алдық. Ардагерлер өздерінің бастарынан өткен  жағдайларды айтып, ақылдарын беріп жатыр.

Сарбаздар игі дәстүр бойынша сап түзеді. Ақсақалдарға экскурсия ұйымдастырып, күнделікті тыныс-тіршіліктерімен таныстырды. Заманауи әскери техниканың мүмкіндіктерін де паш етті.  

Ақмарал Есімханова, тілші:

– Әскери бөлімдегі көтеріңкі көңіл күй асханада да байқалады. Жас сарбаздарға мерекелік дастархан жайылды.

Сарбаздар Павлодар қаласы тұрғындарының тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Алаңсыз қызметке бар жағдай жасалған.

Айдарбек Жүсіпбеков, ҚР ұлттық гвардиясы 5512 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Жастар әскери қызметке қызығушылық танытуда. Жарты жылдан кейін келісімшарт бойынша қызмет еткісі келеді. Сала бойынша білім алып, Отан қорғауды мақтан етеді. Бүгіннің өзінде өмірін әскери қызметпен ұштастыруды жоспарлағандар көп.

30 жылдық тарихы бар бөлім – бүгінде еліміздегі үлгілі құрылымдардың бірі. Осы уақытқа дейін материалдық-техникалық жағдай жақсарды. Сәйкесінше, ел алдындағы борышын өтеушілерге талап та күшейген. 

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы