378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел тыныштығына жауапты азаматтардың жауынгерлік дайындығы қалай?

  • 104
  • UPD: 22:10, 07.05.2019

Қостанайдағы 6697 әскери бөлімі – еліміздің солтүстік шебіндегі ірі әскери құрылымдардың бірі.

Негізгі міндеті – қоғамдық тәртіпті қадағалап, облыстағы түзету мекемелерін күзету. 

Шыңғыс Сейдахынов бір айдан соң Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуді аяқтап, туған жері Талдықорғанға оралады. Жас өрен бір жыл ішінде әскери тәртіпке әбден бой үйреткен. Ол әскери бөлім қабырғасында өтетін қоғамдық, спорттық шаралардың басы-қасында жүріп, марапаттардан кенде қалған емес.       

Шыңғыс Сейдахынов, қатардағы жауынгер:

– Әскерде достарым көп. Әскерге келгеніме қуанамын. Көп нәрсені үйрендім. Көп нәрсені білдім. Өмірге деген көзқарасым да өзгерді.

Ішкі әскер сарбаздары – қоғам тыныштығының сақшысы. Сондықтан олар қатермен күресуге әрқашан дайын болуы шарт. Небәрі төрт ай мерзім ішінде полицейлермен қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалау барысында бөлім жауынгерлері 187 әкімшілік құқық бұзушылықты айқындап, 16 қылмыскерді қолға түсірген.   

Айбек Ілиясов, взвод командирі:

– Әрбір жарты жыл сайын жаңадан сарбаздар келеді. Оларды оқытып-үйрету негізгі мақсатымыз боп табылады. Оларды әскери ант қабылдауына дейін оқу пунктінен өткіземіз, яғни алғашқы әскери дайындықтан бірінші өткіземіз. Күнделікті өмірде сарбаздарымыздың әскери саланы өте жақсы меңгеруіне қол жеткізуіне біз тырысамыз.

Әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырып, жауынгерлік әзірлікті жетілдіру үнемі күн тәртібінде. Соңғы жарты жылда 500-дей қызметші дайындықтарын үздік бағаға тапсырып, 170-і спорттық разрядты иемденген.  

Аманжол Әйтенов, 6697 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Төрт негізгі сынақ бар. Үшінші, екінші, бірінші және шеберлік деген. Сол сынақтардан өтетін болса, әскери қызметшінің жалақысына ақша қосылады.

Мұнда әр күннің өз ерекшелігі бар. Бір күні спорттық жаттығуларға мән берілсе, екінші күні қару-жарақты қолданудың қыр-сыры үйретіледі. Түрлі теориялық сабақтар өткізіледі. Кәсіби деңгейді арттырудың кезекті сынағы шілде айына жоспарланған.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы