379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Аманат» азаматтық платформасының өкілдері сайлауға дайындықтарын пысықтады

  • 151
  • UPD: 22:15, 07.05.2019

«Аманат» азаматтық платформасының өкілдері Алматыдағы кәсіпкерлер палатасының бизнес-қауымдастығымен бірлесіп алдағы президент сайлауына дайындықтарын  талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тәуелсіз ерікті ұйым сайлаудың адал әрі ашық өтуіне атсалыспақ. Оған қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, белсенді жастар мен сарапшылар мүше. Олар сайлау учаскелері мен үміткерлердің сайлауалды штабымен ынтымақтаса жұмыс істеп, сайлаудың барысын қадағалайтын болады.

Қазыбек Шайх, «Аманат» Алматы қаласы филиалының басшысы:

– Сайлауға әлі 1 ай бар. Бірақ біздің еріктілер 80 пайызға дайын. Алматы қаласында 500-ден аса учаске бар. Тағы бірнеше мобильді топ болады.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты, сондай-ақ сарашылар пікірлерін сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы