378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында азық-түлік арзан бағамен сатылды

  • 119
Қостанай облысында азық-түлік арзан бағамен сатылды

Қостанай облысының бірқатар елді мекенінде бүгін мерекелік жәрмеңке өтіп, жергілікті тауар өндірушілер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті көптеп саудаға шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Затобол кентінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге 30-дан астам шаруа қожалығы өнім әкелген. Жұртқа ет, картоп, жұмыртқамен қатар балық пен сүт өнімдерінің де түр-түрі ұсынылды.

Алмагүл Дәулетова, зейнеткер:

– Үнемі жұмыртқа аламын. Бүгін тіпті арзан. Балаларыма және өзіме аламын.

Хабар 24 телеарнасы