379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы жәрмеңкеде жалпы құны 20 млн теңгенің өнімі сатылды

  • 140
Қызылорда облысындағы жәрмеңкеде жалпы құны 20 млн теңгенің өнімі сатылды

Сыр өңірінде жәрмеңке өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруды көздеген шараға Қызылорда қаласына қарасты 9 ауылдық округтен 27 кәсіпкер атсалысты. Тасбөгет кентінің орталық алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге құны 20 миллион теңге болатын 80 тоннаға жуық өнім шығарылған. Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша ет, сүт, балық, күріш және көкөністер нарық бағасынан 15-20 процентке арзан ұсынылып отыр. 

Көшей Жәмешов, Тасбөгет кентінің тұрғыны:

– Картоп, жуа, сәбіз алып жатырмыз.Халық риза. Бағалары тым арзан.

Хабар 24 телеарнасы