378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жол жөндеуші мердігер жасыл желекті жайпап тастады

  • 76
  • UPD: 13:12, 08.05.2019

Қарағанды қаласының Құрылысшылар даңғылында жол жөндеп жатқан мердігер компания жасыл желекті жаппай отап жатыр.

Бұған наразы болған жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіге түрлі бейнежазбаларды салып, қарсы пікір білдіруде.

Құжат бойынша мұнда 178 түп ағаш оталуы тиіс екен. Оның орнына жолды кеңейтіп, көлік тұрағын жасамақшы. Құрылысқа кіріспес бұрын қоғамдық тыңдау өткізіп, мердігер аудан әкімдігінің арнайы рұқсатын алған. Қысқасы барлығы заң шеңберінде. Алайда тұрғындар бұған наразы. Олар ағашқа тиіспей-ақ жолды жасауға болатынын айтады. Қоғамдық кеңес мүшелері, экологтар, журналистер құрылыс алаңына жиналып мәселенің мән жайын анықтады. Жиынға келген әкімдік өкілдері 50-ден артық ағаш отамаймыз деп отыр, ал жоба жетекшілері кесілген талдардың орнына 500-ден астам жасыл көшет отырғызуды міндеттеріне алған. Жыл соңына дейін жұмыс толық аяқталмақ.

Дмитрий Калмыков, эколог:

- Кездесуде жоба жетекшілерінен нақты жауап күткен едік, алайда олар бірде-бір құжатсыз келген. Қоғамдық тыңдау өктен кезде 170-тен артық ағашты кесеміз деген болатын, бүгін 50 түпті ғана қырқамыз деп отыр. Түсініксіз жағдайлар көп. Нақты қай ағашты кесетінін, оның орнына қандай көшет отырғызатынын дөп басып ешкім айтпады. Енді құрылыс барысын назарда ұстайтын боламыз. Бұл жерде жергілікті тұрғындардың да белсенділігі қажет.

Хабар 24 телеарнасы