379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас прокуратура халыққа үндеу жасады

  • 365
  • UPD: 11:36, 08.05.2019
Бас прокуратура халыққа үндеу жасады prokuror.gov.kz

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Дембаевтің «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабының тәртібінде жасаған үндеуі prokuror.gov.kz сайтында жарияланды.

Үндеуде «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде. Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын. Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз. Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады», - делінген.

Хабар 24 телеарнасы