378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Литва жерінде сотталған қазақстандықтар жазасын елде өтеуі мүмкін

  • 78
  • UPD: 13:51, 08.05.2019

Қазақстан мен Литва арасында сотталған және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беруге қатысты шарт мәжілісте ратификацияланды.

Заң жобасын еліміздің Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов таныстырды. Оның айтуынша, құжат екі жыл бұрын Вильнюс қаласында рәсімделген. Енді бізде мақұлданса Литвада  сотталған Қазақстан азаматы жазаны өз елінде өтейтін болады. Литвалықтарға да дәл сондай мүмкіндік беріледі. Құжат бойынша беруге жатпайтын адамдар да бар. Біріншіден, сотталғандардың еліне қайтару егемендік пен қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірсе және ұлттық заңнама мен мемлекеттің мүддесіне қайшы болса, ондай азаматтар берілмейді. Екіншіден, сотталған адам келтірген залалды өтемесе, сол жерде қала береді. Литвамен арадағы бұл заң жобасының ерекшелігі құжат соттылғандармен  қатар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды да қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы