378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жауынгерлер соғыста пайдаланған заттар көрмеге қойылды

  • 94
  • UPD: 17:11, 08.05.2019
Қарағандыда жауынгерлер соғыста пайдаланған заттар көрмеге қойылды

Сонау Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған темір ыдыстағы қойытылған сүт, қаңылтыр құтыдағы шоколад, темекі қорабы және Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіне тиесілі күмістен жасалған қасық пен шанышқы, бейсбол таяғы.

Мұның барлығын Қарағандыдағы тарихи-өлкетану музейінде өтіп жатқан «Өмір мен өлім арасындағы заттар» көрмесінен көруге болады. Боксер қолғабы, радиоқабылдағыш, сусабын секілді 182 экспонат түгелдей Швецияның Стокгольм қаласындағы әскери музейден жеткізілген. Жеңіс мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған көрменің ең бір ерекшелігі, мұнда бірде-бір қару, әскери киім жоқ. Тек жауынгерлердің күнделікті тұрмыста қолданған заттары қойылған.

Ержан Нұрмағанбетов, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

- Көрменің тағы бір ерекшелігі, бұл әртүрлі армияларға жатады. Оның ішінде неміс армиясы, француз армиясы, въетнам армиясы, ағылшын армиясы, орыс армиясы бар. Жапон армиясы да бар бұның ішінде. Бейбіт өмірде, соғыс пен соғыстың арасында қолданған дүниелер. Әрбір солдат өзінің сөмкесіне салып, ұстап жүрген дүниелер ғой енді кезінде. Қазір соның бәрі мұра боп қалды халыққа.

Хабар 24 телеарнасы