378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда әскери медбикеге ескерткіш қойылды

  • 95
  • UPD: 23:38, 08.05.2019
Қостанайда әскери медбикеге ескерткіш қойылды

Қасында санитарлық сөмке артқан иті бар бойжеткеннің мүсіні пластиктен құйылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіс саябағында бой көтерген ескерткіштің биіктігі екі метр. Соғыс жылдарында Қазақстаннан майданға жарты миллионға жуық медбике аттанған. Ал 1941 жылы Қостанайда медбикелер дайындайтын оқу орны ашылған. Осы жерде білім алған 140 бойжеткен әскери борышын өтеуге жіберіліпті. Елімізде алғаш пайда болған медбикенің ескерткіші жергілікті зейнеткердің бастамасымен орнатылды. Ақсақал қажетті қаржыны өзі бас болып туған-туыстарынан жинаған.

Бек Жүсіпов, қала тұрғыны:

- Бала-шағамен Ессентукиге барғанда Жеңіс саябағында серуендеп жүргенде балаларым, немерелерім, әйелім ескерткішті көріп, бәріне ұнап қалды. Содан келіп талқыладық. Әскери медбике қаншама әскердің өмірін сақтады. Қазіргі бейбітшілік өмірде де қаншама адамға көмек беріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы