378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында заңсыз балық тасымалдағандар ұсталды

  • 77
  • UPD: 23:37, 08.05.2019
Жамбыл облысында заңсыз балық тасымалдағандар ұсталды

Олар республикалық «Уылдырық шашу» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қолға түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол сақшылары түнгі 11-лер шамасында күдік тудырған екі көлік құралын тоқтатқан. Тексере келе бірінен 930 келі сазан, ал екіншісінен 500-ден аса сом мен көксерке балықтары тәркіленді. 15 сәуірден бері дәл осындай 44 дерек тіркелген. Балық аулау ережелерін бұзудың 38 дерегі үшін браконьерлерге 720 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынып, оның шамамен 225 мың теңгесі өндіріліпті.

Серғазы Әбдіқұлов, жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

- Алматы-Екатеринбург автожолының 347-километрінде екі автокөлік тоқтатады. Ішінде еш құжаты жоқ балықтар табылады. Мойынқұм ауданынан полиция бөлімінен жедел топ шақырып, ары қарай шешім қабылдау үшін аудандық орталыққа жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы