378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 4 мыңнан астам отбасы әлеуметтік көмек алды

  • 95
  • UPD: 23:37, 08.05.2019

Ақмола облысында 4 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекті ұлғайтылған көлемінде алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға жалпы сомасы 500 млн теңгеден аса жәрдемақы төленген. Қазір өңірде әлеуметтік көмектің бұл түрін алатындар 12 мыңнан 17,5 мыңға дейін көбейген. Жалпы, Елбасы ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмекке биыл 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Дина Ахметжанова, облыстық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:

- Тұрғындар құжат тапсырған кезде 52 сұрақтан тұратын анкета толтырады. Ол жерде тұрғын үйден бастап, дүние-мүлкіңізге дейін сұралады. Бірақ бұл жәрдемақыға әсер етпейді. Біз оны отбасының әлеуметтік паспортын жасау үшін анықтаймыз. Ал малға келер болсақ, оның саны қазір қайта қаралуда. Несие мәселесі де әбден зерттеліп барып есепке алынады.

Хабар 24 телеарнасы