378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы автобус өртінің себептері анықталып жатыр

  • 83
  • UPD: 23:35, 08.05.2019
Астанадағы автобус өртінің себептері анықталып жатыр

Бүгін елорданың қақ ортасында №53 бағытпен қатынайтын жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қабанбай батыр көшесінің бойымен келе жатқан қоғамдық көліктен шыққан түтінді кондуктор байқап қалып дабыл қағады. Жүргізуші көлікті бірден тоқтатып, жолаушыларды шығарып үлгерген. Қазір мамандар өрттің нақты себептерін анықтап жатыр.

Есенгелді Сыздықов, автобус жүргізуші:

- Жолаушыларды түсіріп тастадым. Есіктерді ашып, бәрін қуып шықтым. «Келесі аялдамаға дейін жеткізіп тастамайсыз ба?» дейді. Мен айттым: «өрттеніп, жанып жатырмыз ғой, қайдағы жеткізу» деп. Адамдар да қызық. Өрт шығып жатыр.

Науат Азанбаева, «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі қызметтің жетекшісі:

- Қауіпсіздік техникасын сақтап, жолаушыларды түсіріп, артқы қозғалтқышты ашқанда, өрт болыпты. Бірінші 101-ге хабарласып, сосын өртті сөндіре бастаған.

Хабар 24 телеарнасы