379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда «Батырларға тағзым» акциясы өтті

  • 101
  • UPD: 23:35, 08.05.2019
Атырауда «Батырларға тағзым» акциясы өтті

Шараға қатысушылар Мәңгілік алауға гүл қойып, мемориалға есімі қашалып жазылған соғыс ардагерлерінің рухына тағзым етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол бір сұрапыл заманда бір ғана Атырау облысынан 42 мыңнан астам адам соғысқа аттанған екен. Олардың 13 мыңы майдан даласынан оралған жоқ. 

Серік Қадыров, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

- Барлықтарыңызға белгілі, Ұлы Отан соғысының кезінде әр отбасыдан, оның ішінде әр қазақ отбасынан елін, жерін қорғауға аталарымыз аттанғаны белгілі. Сол аталарымыздың ұрпақтары бүгін сол кісілердің рухына тағзым етіп, оларға құрмет көрсетіп, осы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюда. Бұл әр отбасының, әр адамның жеке, өз еркімен осы атасына деген, бабасына деген құрмет көрсету рәсімі.

Хабар 24 телеарнасы