379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция жұрты соғысқа қатысқандардың рухына тағзым етті

  • 105
  • UPD: 23:35, 08.05.2019

Қазақстанның әнұраны Нуайе-Сен-Мартен қаласында шырқалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындағы кеңес әскерилерінің зиратына жиналған қауым соғысқа қатысқандардың рухына тағзым етіп, еске алды. Бұл шараға біздің елімізден арнайы делегация барған. Бейітте 4680 кеңес жауынгері жерленген. Көбісінің аты-жөні белгісіз. Қазақстан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Тәжікістан, Түрікменстаннан келген дипломаттар да марқұмдардың басына гүл қойды. Сондай-ақ рәсімге француз ардагерлер ұйымының өкілдері де қатысты. 

Бернар Мюрес, әуе база коменданты:

- Екінші Дүниежүзілік соғысына қатысқандарды еске алу шарасына қатысу үлкен құрмет. Бұл орайда қазақ халқына Францияны азат етуге көмектескені үшін алғыс айтқым келеді. Бүгін француз жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, құрмет көрсетіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы