389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эльбрус шыңына Қазақстанның туы тігілді

  • 523
  • UPD: 23:34, 08.05.2019
Эльбрус шыңына Қазақстанның туы тігілді

Жеңіс мерекесі қарсаңында қарағандылық 5 азамат Еуропадағы ең биік шың Эльбрусқа шығып Қазақстанның туын тікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жеңістерін жерлестеріміз батыр бабамыз Рақымжан Қошқарбаевтың рухына арнаған.

Айта кету керек, бұл бес адамның ешқайсысы да альпинизммен кәсіби тұрғыда айналыспаған. 5642 метр биіктікке көтерілу үшін олар жарты жыл дайындалыпты. Көптеген жаттығулар жасап, түрлі оқулықтар оқыған. Ақыры мақсаттарына жетті. «Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіксе, біз Эльбрус шыңында көк байрағымызды желбіреттік», – дейді олар. Әуесқой альпинистер Эльбрусқа әскери-тарихи маршрут бойынша шыққан. Дәл осы жолмен 1943 жылы Кеңес армиясының сарбаздары жүріп өткен болатын.

Төлеген Әшімов, қала тұрғыны:

- Рақымжан Қошқарбаев атамыз Рейхстагқа ту тіккен күн ғой. Сол кісіге арнап шықтық Чегеттің басына. Әрі қарай «приют одиннадцати» деген жер бар, оған да шықтық. Ол жерде біздің қаншама Кеңес әскерінің солдаттары қайтыс болыпты. Соларға құран оқыдық. Сосын «Скалы Пастухова» дейді, 4 мың метрден жоғары кетеді, оған да бардық. Сосын әрі қарай 5642-ге көтерілдік. Қазақстанның флагын көтеріп, елімізге білетін дұғамызды жасадық.

Хабар 24 телеарнасы