378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий жағалауында салтанатты шара өтіп жатыр

  • 466
  • UPD: 13:07, 10.05.2019

Каспий жағалауында «Ерлік мәңгі өшпейді» деп аталатын салтанатты шара өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Оған Отан және ауған соғысының ардагерлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері шақырылған. Бұған дейін ту көтерген Ақтау гарнизоны көпшілік алдынан сап түзеп, жүріп өтті. Бұдан соң жас полицейлер ант берді. Салтанатты рәсім соңы мерекелік концертке ұласты.

Теңіз жағасындағы алаңға жиылған көпшіліктің қарасы қалың. Олар сахнаға шыққан полицейлердің өнерін тамашалауда. Бұған дейін ту көтерген төрт адамның соңынан тоғыз топ сапта жүріп өткен еді. Шеруге 500-ге тарта адам қатысты. Олардың қатарында полицейлер, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен ішкі әскер жасақтары бар.

Ерекше атап кетерлігі, колонна арасындағы алтыншы топ – әйелдер взводы. Погон таққан 51 қыз-келіншек көрермен назарын алыстан тартқаны сөзсіз. Олардың шеруге қатысуы тегін емес. Әрқайсысы өз қызметінің үздіктері. Жалпы, шеру алдында 6656 әскери бөлімі оркестрінің сүйемелдеуімен мемлекеттік әнұран орындалды. Бұдан соң жас полицейлер ант тапсырды.

Жауапты қызметіңізге сәттілік тілеймін. Айта кетейік, теңіз жағалауындағы салтанатты шара қас қарайғанша жалғасады. Көпшілік бірер минут бұрын осы жерде арнайы жасақ сарбаздары көрсеткен қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін тамашалады. Ендігі сәтте өнерлі полицейлер қатысатын мерекелік концертті қызықтауға амфитеатрға қарай бара жатыр.

Авторы: Талғат Исламұлы

Хабар 24 телеарнасы