378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада майдангерлер эстрада жұлдыздарының қатысуымен концертті тамашалады

  • 102
  • UPD: 23:32, 08.05.2019
Елордада майдангерлер эстрада жұлдыздарының қатысуымен концертті тамашалады

Елордада Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Майдангер қарттарға отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Отан деп соққан жүрегі» атты концерт қойылды. «Мақсат – соғыс ардагерлерінің айбынды ерлігін үлгі ете отырып, бүгінгі жас Отан қорғаушылардың бойына патриоттық сезім ұялату», – дейді ұйымдастырушылар. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 71 Отан соғысының ардагері, 3 мыңнан аса тыл еңбеккері бар.

Маржан Арапбаева, әнші:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үлкен алғыс. Иіліп басымды иеміз. Өкінішке қарай, қазіргі таңда ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Бұл тарихта болған, ол кісілердің басынан өткен жағдайды біз ешқашан ұмытпау керекпіз. Біздің ұрпақтарымыз ұмытпауы керек.

Хабар 24 телеарнасы