379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


FlyArystan билеттерінің басым бөлігі минималды бағамен сатылған

  • 119
  • UPD: 22:34, 08.05.2019
FlyArystan билеттерінің басым бөлігі минималды бағамен сатылған Zakon.kz

FlyArystan бірінші аптаның операциялық жұмысын қорытындылады.

Әуе компаниясы алғашқы рейстерге, соның ішінде мерекелік және демалыс күндеріне билеттерді сатты. Бүгінгі күні қазақстандық лоукостер Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды мен Оралға 10 мың жолаушыны тасып үлгерді.

Бірінші жеті күннің ішінде қазақстандық әуе тасымалдаушы 63 рейс орындады. Рейстерді уақтылы орындау көрсеткіші 82% құраса, әуекеменің жүктеме коэффицент көрсеткіші 94% көрсеткен еді. Наурыздың 29-ынан бастап күні бүгінге дейін сатылған билеттердің жалпы саны 70 мыңнан асып түсті.

«Біз алғашқы рейске, яғни Алматыдан Нұр-Сұлтан мен Таразға билеттерді сатылым ашқаннан кейін, бір айдан аз уақыт ішінде 100% сатып бітірдік. Бірінші кезекте мерекелік және демалыс күндік билеттер сатылды. Осылайша, 10 теңгеге дейінгі билеттер 1-7 мамыр арасындағы барлық сатылымның жартысынан көбін құраса, Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз бен Қарағандыға осы бағамен сатылған билеттер барлық сатылымның 2/3 бөлігін құрады», – деп мәлімдеді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Естеріңізге сала кетсек, 30 мамырдан бастап бюджеттік әуе тасымалдаушы Алматыдан Павлодар мен Шымкентке қатынай бастайды. Сәйкесінше, билет құны 6999 және 4999 теңгеден басталады.

Хабар 24 телеарнасы