378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысынан соғысқа 45 мың адам аттанған

  • 101
Қарағанды облысынан соғысқа 45 мың адам аттанған

Қарағандыда Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, 300 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ дастархан жайылып, жергілікті өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Өкінішке қарай, қанды қырғыннан елге аман оралған батыр аталарымыздың қатары жыл санап сиреп келеді. Қазір Қарағанды облысында небәрі 95 ардагер қалған. Салтанатты кешке соның тек 37-сі ғана қатыса алды. «Елдің ертеңі үшін толарсақтан саз кешіп, кеуделерін оққа тосқан бұл ақсақалдарымыздың ерен ерліктерін дәріптеу бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы», - деді жиында сөз алғандар. Тарихи деректерге сүйенсек, екінші дүниежүзілік соғысқа Қарағанды облысынан барлығы 45 мың адам аттанып, соның 18 мыңы майдан даласында шейіт болған екен.

Алпан Итжанов, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Адамзат баласының тарихында мұндай алапат соғыс болмаған. Келешек ұрпақ бақытты ғұмыр кешсін.

Хабар 24 телеарнасы