384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті

  • 631
  • UPD: 10:00, 09.05.2019

Қызылорда облысының полиция департаментінде Ұлы Отан соғысының және оларға теңестірілген 4 ардагер, сондай-ақ 11 тыл еңбеккері қызмет атқарған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін күрескендерді ұлықтау, құрметтеу – кейінгі толқынның парызы. Көзсіз ерліктің күшімен өскелең ұрпаққа мамыражай тірлік сыйлаған Маханбет Бержановты қызылордалық полицейлер құттықтай барды. Сондай-ақ қызмет бабында қылмыскер қолынан қаза тапқан Талғат Қозыбаевтың отбасына сый-құрмет көрсетті. Жиырма бес жасында қайсарлық көрсетіп, өз өмірін қия отырып қылмыскер қолынан өзге азаматты қорғап қалған полиция лейтенантына «II-ші дәрежелі «Айбын» ордені табысталған болатын. Тәртіп сақшылары Талғат Қозыбаевтың бейбіт күндегі ерлігі ел жадында мәңгілік сақталатынын айтты. «Осындай жанқиярлықтың арқасында басқыншыларды еңсердік», – дейді соғыс ардагері Маханбет Бержанов. Забайкал әскери округіне әскери қызметке алынып, 1945 жылы жапон соғысына қатысқан. Зұлматтан аман-есен отанға оралған жауынгер 30 жылдай ішкі істер саласында жемісті еңбек етті. «Ерен еңбегі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» I дәрежелі ордендерімен қатар «Кеңес милициясына - 50 жыл» және «Үздік қызметі үшін» төсбелгілермен марапатталған қарт майдангер Жеңіс сөзі айтылған сәт ешқашан жадымнан шыққан емес дейді. 

Маханбет Бержанов, соғыс ардагері:

– Қалың тоғай арасында жорықта жүргенбіз. Қару-жарақпен күшейтілген кезекшілікте жүргенбіз. Жеңіс сөзін естігенде автоматтағы оқтың бәрін атып тауыстық. Командирдің «тоқтат» дегенін ешкім тыңдаған жоқ. Аспанға атып, Жеңісті қарсы алдық.

Арыстанғани Заппаров, облыстық полиция департаментінің бастығы:

– «Ер есімі – ел есінде» деген. Ардагерлердің жасаған еңбегі бүгінгі бейбіт өміріміздің куәсі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы