379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев: Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты

  • 242
  • UPD: 09:24, 09.05.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев: Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты Матрица.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді» делінген құттықтау хатында.

Сондай-ақ, Президент тыл еңбеккерлерін де осынау мерекесімен құттықтап, тілек білдірді.

«Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді. Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау - біздің қастерлі борышымыз. Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деді сөз соңында.

Хабар 24 телеарнасы