378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

  • 89
  • UPD: 09:37, 09.05.2019
Елордада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Елордада Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Майдангер қарттарға отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Отан деп соққан жүрегі» атты концерт қойылды. Мақсат «Соғыс ардагерлерінің айбынды ерлігін үлгі ете отырып, бүгінгі жас Отанқорғаушылардың бойына патриоттық сезім ұялату», - дейді ұйымдастырушылар. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 71 Отан соғысының ардагері, 3 мыңнан аса тыл еңбеккері бар.

Маржан Арапбаева, әнші:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үлкен алғыс. Иіліп басымды иемін. Өкінішке орай қазіргі таңда ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Бұл тарихта болған, ол кісілердің басынан өткен жағдайды біз ешқашан ұмытпау керекпіз. Біздің ұрпақтарымыз ұмытпау керек.

Хабар 24 телеарнасы