389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Із-түзсіз жоғалған майдангер Құсайын Деникаев жайында дерек табылды

  • 353
  • UPD: 12:12, 09.05.2019

Петропавлдық Нұрмехамет Исмагилов соғысқа қатысқан туған ағасы туралы мәлімет тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құсайын Деникаев есімді жауынгер осы күнге дейін із-түзсіз жоғалғандардың қатарында болған. Інісі 20 жыл бойы ағасы жайлы мағлұмат іздеп, Мәскеу, Подольск, Қазан қалаларына дейін барды. Іздестіре келе, біраз дерек тапты, ағасы Құсайын шайқастардың бірінде жарақат алып, Польша елінде тұтқынға түседі. Ал 1945 жылдың қаңтарында сонда қаза табады. Құсайын Деникаев соғысқа Башқұрстаннан шақыртылған.

Нұрмехамет Исмагилов, қала тұрғыны:

– Қызыл әскердің саяси жетекшісі тұтқындардың қашып кетуін ұйымдастырған. Өзі астыртын антифашистік ұйымның тапсырмасы бойынша жұмыс істеген адам екен. Осылайша ол тұтқындарды босатып, өзі лагерьде қалып отырған.

Хабар 24 телеарнасы