379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ми-8 тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілер марапатталды

  • 183
  • UPD: 21:53, 10.05.2019

Мемлекет басшысы – ҚР Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының жарлығымен Ми-8 тікұшағында қаза тапқан әскери қызметшілер «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында Шымкенттегі 55652 әскери бөлімі командирінің орынбасары, майор Сабыр Тоқбаев та бар. Ерен ерлігімен көзге түсіп, Отан үшін жан қиған батырдың отбасына мемлекеттік награданы ҚР Қорғаныс істері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов табыс етті. Авиация генерал-майоры әскери қызметшілердің қазасы олардың туған-туыстарының ғана емес, Қазақстан армиясы үшін орны толмас қайғы-қасірет екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы