378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орал тұрғындары майдан құрбандарына тағзым етті

  • 107
  • UPD: 12:18, 09.05.2019

Майданның ең жақын тылы саналған Ақжайық атырабынан 76 мыңдай адам соғысқа аттанды.

Солардың тең жартысына жуығы майдан даласында мерт болды. 39-ы Кеңес одағының батыры атағын алса, алтауы Даңқ орденінің толық иегері атанды.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

– Жеңіс мерекесінде қан майдан құрбандарына тағзым ету – бұлжымас дәстүр. Бүгін сұм соғыстың көзі тірі куәгерлері мен барша қала тұрғындары Жеңіс алаңына жиылып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Айта кету керек, жеңістің осы көктемін көзі тірі 83 майдангер жерлесіміз қарсы алып отыр. Отан үшін от кешіп, бейбіт өмір жолында өлімге бас тіккен жандардың бір ғана тілегі бар. Ол тәуелсіз елде тыныштық пен тұрақтылықтың мәңгі сақталуы ғана.

Мерекелік шаралар кезінде майдан әндері әуелеп, ардагер қариялар әскери бөлімдердің көмегімен дайындалған сарбаз ботқасынан дәм татты. Ал кешкісін Тұңғыш Президент атындағы алаңда концерт ұйымдастырылып, жұртшылық мерекелік отшашуды тамашалайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы