389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысынан майданға 74 мыңға жуық жауынгер аттанған

  • 411
  • UPD: 12:39, 09.05.2019

Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары Қостанай облысынан 74 мыңдай жауынгер қару асынып, соғысқа аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 40 мыңнан астамы елге оралмады. Олардың есімі ешқашан ұмытылмайды. Облыста ардагерлер мен боздақтардың даңқты істерін дәріптеу мақсатында белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді.

Облыс орталығында ұйымдастырылған мерекелік шара «Батырлар, сізге мың алғыс!» атты театрландырылған қойылымнан басталды. Онда қостанайлықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі баяндалды. Көпшілік орталықтағы салтанатты шеруден кейін дәл қазір Жеңіс саябағына ағылып жатыр.

Жиналғандардың қолдарында майдангер аталарының суреттері бар.

Санаулы минуттардан соң Мәңгілік алау басына гүл шоқтары қойылады. Бабалар ерлігіне бас иіп, бейбіт күнде мерекені думандатқандарға бірнеше жерде солдат ботқасы тегін таратылмақ.

Ал ардагерлер болса арнайы тігілген шатырда соғыс жылдары туған әндерді тыңдап, сарбаз ботқасынан дәм тататын болады.

Биыл саябақтың 5 мың шаршы метр жаяужолы ауыстырылды. Жаңадан тастөсеніштер, жиектастар орнатылды. Ал кіреберісі декоративті безендірілді. Сондай-ақ осында Кеңес одағының батырлары, «Даңқ» ордені иегерлерінің 41 бюст ескерткіштері пайда болды. Мынадай мүсіндердің биіктігі – шамамен 1,5 метр. 

Алмас Әбілдин, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

– Мүсіндер қоладан жасалған. Бюсттегі жазбалар латын қарпінде қазақ тілінде жазылған. Мердігердің уақытында бастап уақытында аяқтағанына байланысты біз Жеңіс күніне арналған іс-шарамызды уақытында жасау құрметіне ие боп отырмыз.

Жалпы бүгінде облыста көзі тірі 107 ардагер бар. Оларға мемлекет тарапынан 150 мың теңге біржолғы материалдық төлем берілді.

Хабар 24 телеарнасы