379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде Жеңістің 74 жылдығын 72 ардагер қарсы алып жатыр

  • 117
  • UPD: 15:14, 09.05.2019

Ұлы Жеңістің 74 жылдығы Ертіс өңірінде де ерекше тойланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала халқы бабалар ерлігіне бас иіп, қастерлі мерекенің қаһармандарын ұлықтау үшін Даңқ алаңына жиналды. Павлодар облысынан қан майданға  46 мың адам аттанып, тең жартысы оралмаған.

Ұрпағының жарқын болашағы үшін кеуделерін оққа төсеген батырларымыз барлық құрметке лайықты. Жеңістің 74 жылдығын Ертіс өңірінде 72 ардагер қарсы алып жатыр. Өткен жылдармен салыстырғанда олардың қатары айтарлықтай сиреген. Есімдері тарих беттеріне алтын әріппен жазылған соғыс құрбандарын жиналған жұртшылық бір минут үнсіздікпен еске алды. Құрмет демекші, облыс әкімі Болат Бақауов биыл облыс бойынша барлық майдангерлердің үйлеріне барып, әлеуметтік жағдайларымен танысты. Үш ардагерге баспана кілтін табыс етті. Бәрінің жеке шоттарына 500 мың теңгеден қаржы аударылды. Тағы бір тоқтала кетін жәйт, жауды жеңуге үлес қосып, жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерінің де еңбегі өлшеусіз. Олар билік назарына ілігіп жатыр ма?

Қазір орталық алаңда «Ұлы Жеңіс –ұрпаққа мұра» деген тақырыппен мерекелік бағдарлама өтіп жатыр. Соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, жалпы қала тұрғындарын Жеңіс күнімен аймақ басшысы құттықтады. Павлодардың барлық көшелерінде «Ортақ Жеңіс» деген ұранмен соғыс қаһармандарының портреттері бейнеленген 150-ге тарта билбордтар ілінген. Бұл күндері дәстүрге сай мектептерде әскери патриоттық шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар аймақта «Боздақтар» кітабының 6-шы томы жарық көрді. Мың данамен тараған кітапқа 700 жауынгер туралы тың мәліметтер еніп, 500-ге тарта жаңа деректер жинақталған. Ұлы Жеңіс күніне арналған мереке кешке дейін жалғасады. Ал «Құлагер» ипподромында ат спорты ойындарының жазғы маусымы басталады.

Хабар 24 телеарнасы