378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Батырларға тағзым» акциясы биыл Ақтөбеде жаңа форматта өтті

  • 89
  • UPD: 15:15, 09.05.2019

Ұлы Жеңістің 74-ші көктемін 41 ақтөбелік ардагер қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың алды жүзден асса, ең кішісі тоқсанды еңсерген қария. Сондықтан мерекелік шараларға санаулысы ғана қатыса алды.

Өңірдегі тілшіміз Мансұр Есқожин шаһардың орталық алаңдарын аралап, салтанатты шараға жиналған ардагерлерді құттықтаған болатын.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Расында да жыл өткен сайын сұм соғыста қан кешкен батырлардың саны күн санап азайып келеді. Өткен жылы өңірде 62 ардагер болса, биыл тек 41-і ғана қалған. Кеудесі орден мен медальге толған ата-әжейлерімізге сәлем беріп, алғыс айту бүгінгі ұрпақ үшін міндет әрі парыз.

Олардың орнына қолдарына жауынгерлердің суретін ұстаған балалары шыққан. «Батырларға тағзым» акциясы биыл Ақтөбеде жаңа форматта өтті. Орталық көшелерді аралаудан бас тартып, барлық жұртшылық мәңгілік алау алдындағы стеллаға жиналды.

Мерекелік шаралар Ақтөбенің барлық орталық алаңдарында ұйымдастырылды. Әртістердің қойылдымдары ұрыс алаңдарына әкетсе, саябақта қайнатылған жауынгер ботқасы бір сәтке болса да сарбаздардың шайқас арасындағы өмірін сезінуге мүмкіндік берді. Сол сұрапыл жылдарды еске алған батырлардың бүгінде тілегі бір.

Айта кетейік, Ақтөбе жерінен Екінші дүниежүзілік соғысқа 120 мыңнан астам азамат аттанған. Қан майданнан 36-мыңы оралмады. 45-і Совет Одағының батыры, Даңқ орденінің толық кавалері деген атақтарға қол жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы